Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде карантиндік шараларды сақтай отырып, бейнеконференциялық байланыс режимінде салтанатты іс-шара өткізілді, оған Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті аппаратының, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Салтанатты шарада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Асқар Тасболатұлы Тойчубеков құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю. В. Ильиннің құттықтауын жеткізді.

          Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастыруға, егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай-ақ пандемияға қарсы күрестегі және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты жемісті жұмысы үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің 15 қызметкері салтанатты түрде грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды, "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл", "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін", "Еңбек ардагері" мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Халық алғысы" медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің басшы құрамға мерзімінен бұрын арнаулы атақ беру туралы бұйрығы жеткізілді.

          Салтанатты іс-шара азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінде 25 жылдан астам жұмыс істеген Департаменттің 2 қызметкерін зейнетке шығарып салумен жалғасты.

          Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған деректі бейнефильм көрсетілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі