
2021 жылғы 12 желтоқсанда 00 сағат 37 минутта Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы көп пәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінің түтіндегені туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келген бойда аталған мекенжай бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінде түтін шығып жатқаны анықталды. Басшының командасы бойынша адамдардың бар-жоғына барлау жүргізу және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құрылды. Жертөледе барлау барысында белгілі тұрғылықты жері жоқ 3 адам табылып, құтқарылды, сондай-ақ оларға жедел медициналық көмек көрсетілді. Қымбатты елорда тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз! Ғимаратта, үй-жайда өрт және жану белгілері (түтіндеу, күйік иісі, ауаның жоғары температурасы және т. б.) анықталған кезде:
- бұл туралы дереу телефон арқылы "101" және "112" өртке қарсы қызметіне хабарлау қажет (бұл ретте объектінің мекенжайын, өрттің шыққан жерін атау, сондай-ақ өзінің тегін хабарлау қажет);
- адамдарды эвакуациялау және өртті сөндіру бойынша қолдан келген шараларды қабылдау;
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі