Нәзік иықтың ауыр жүгі

Нәзік иықтың ауыр жүгі

Кейіпкерімнің сүйкімді болмысына қарап сұлулыққа қатысы бар маман иесі ғой деріңіз әбден мүмкін. Қашан да жарқын жүзінен қарапайымдылықтың нышаны аңғарылып тұратын бойжеткенмен таныса, сөйлесе келе мүлдем қыз баласына тән мамандық иесі емес екендігін естіп таң қалғанымды жасыра алмадым. Көркіне ақылы сай Қасымжанова Әлия Қалибеккызы Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

Тәуелсіздіктің төл құрдасы Әлия Шы­ғыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, арман қала Алматыда жоғары білім алады. Бала кезінде тәуелсіз ел болудың мән-мағынасына түсінбесе де өсе келе баға жетпес сөздің қадір-қасиетін ұғынып, өзі сол жылы дүниеге келгенін мақтан тұта жүретін болды. Ерекшелікті, жаңашылдықты жаны сүйетін сұлу қыз болашағын да бірден айқындап алады. Білікті маман ретінде елінің болашағына үлес қосу үшін азаматтық қорғау саласына бет бұрады. Нағыз еңбектің нәтижесін көру мақсатында тынымсыз ізденіс жолына түседі. Қиындықтан, жауапкершіліктен қашпайды. 2013 жылы өнеркәсіптік қауіп­сіздік саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының газ шаруашылық нысандарының және газ құбырларын ба­қылау бөлімінің бас маманы ретіндегі еңбек жолы басталғанда да төзім мен шы­дам жан серігі болады. Бұл қиындығы мол сала­да маманға керек басты қасиеттер кәсібилік екендігін сол кезде-ақ жанына тоқып ала­ды.

Өз жұмысын жетік білетін қажырлы бойжеткен 2015 жылы мемлекеттік өрт бақылау басқармасына ауысады. Отқа оранып жатқан үй, ғимарат, апатты жағдайдағы нысанды, өзге де төтенше оқиғалардың халыққа ауыр тиетінін ескеріп, төтенше жағдайларды және өрттерді алдын алу бағытын таңдады. Міне, сол қызметті абыройлы атқарған Әлия бір жылдан соң-ақ «Азаматтық қорғау лейтенанты» арнаулы атағын алады. Бұл тек үлкен марапат қана емес, сонымен қатар жауапкершілік екенін түсіне отырып, аға инженер өз жұмысын лайықты орындауға тырысады. Нәтиже жаман емес, бүгінде ол өз қызметін капитан дәрежесінде атқарады.Нәтижесі жаман емес, бүгінде капитан шеніне жетіп отыр.

Арманы айқын - «полковник», мүмкін «генерал» шеңіне жету, Әлия осы кезге дейін бағындырған белесін бала күнгі арманының шынай көрінісі деп қабылдайды. Өз ісінің кәсіби майталманы болу үшін әлі де рухани күш-жігері мен ақыл-парасатын жұмсау керектігін жақсы біледі және сол жолда табандылықпен еңбек етуге даяр. Біз де Әлия Қалибекқызының еңбек жолына сәттілік тілейміз. Өйткені Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы осындай білікті мамандардың қолында екені айтпаса да түсінікті.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі