Алматы облысында Жас құтқарушылардың төртінші кадет сыныбы ашылды.

Алматы облысында Жас құтқарушылардың төртінші  кадет сыныбы ашылды.
2021 жылғы 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы облысы Ақсу ауданы І.Жансүгіров ауылының Ж. Сыдықов атындағы орта мектебінде «Жас құтқарушылар» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті.
 
Осындай кадет сыныбын құрудың мақсаты жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әртүрлі жағдайларында жедел дұрыс шешім қабылдау, өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық жұмыстар, ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету білімдері мен дағдыларын дамыту бөлігіндегі іс-қимылдар болып табылады. Кадет сыныбы - серіктестік сезімін қалыптастырады, біздің жастарымызда тәртіп қағидаларын тәрбиелейді, ол кейіннен міндеттілікті, уақытты жоспарлау қабілеттерін қалыптастырады. Балалар барынша жиналған, жауапты болады және нәтижесінде біздің Отанымыздың нағыз патриоттары болады. Аудан әкімдігінің қолдауымен 7 сынып оқушыларына құтқарушылар үлгісінде арнайы форма жасап, тігілді.
Оқушылардың осы санатының оқу бағдарламасына облыс білім басқармасының келісімі бойынша азаматтық қорғау, бастапқы әскери даярлық бағыттары бойынша мамандарды тарта отырып, дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсету саласында қосымша сабақтар мен факультативтік сабақтар енгізілді. 
2019 жылдан бастап осындай сыныптар Алматы облысының бірнеше мектебінде ашылды. 2019 және 2020 жылдары Өтеген Батыр кентіндегі №7 орта мектебінде Жас құтқарушылардың екі кадет сыныбы ашылды. Осы оқу жылының басында Өтеген батыр кентіндегі №13 орта мектебінде Жас құтқарушылардың үшінші кадет сыныбы ашылды. 
Кадет сыныбында оқу оқушылардың үлгерім деңгейіне және жалпы тәртіпке оң әсер етті. Жас кадеттер қиындықсыз оқып және саптық дайындықпен айналысады, мектеп және ведомстволық іс-шараларға белсенді қатысады. Нәтижесінде мұндай сыныптардың танымалдылығы артты, бұл оларды бүкіл аймақта құруға себеп болды.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері бойынша өскелең ұрпақпен мақсатты жұмыс жүргізуде, оның мақсаты ерте жастан бастап балалардың тіршілік қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
 
Салтанатты іс-шара барысында кадеттер өрт сөндіру автокөлігінен жауынгерлік қанат жаю бойынша тактикалық жаттығулар көрсетті, салтанатты шеру және Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Өз кезегінде, Алматы облысының ТЖД қызметкерлері өрт сөндіру техникасының мен жедел-құтқару жасағының құтқару, сүңгуір, альпинистік жабдықтарының көрмесін, сондай-ақ ҚР ТЖМ АМО трассалық медициналық-құтқару пунктінің медициналық автокөлігінің көрсетілімін ұйымдастырды, онда жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету элементтері көрсетілген.
Іс-шараға Ақсу ауданының әкімі мен активі, Алматы облысы ТЖД басшылығы мен қызметкерлері, еріктілер, ата-аналар және мектеп ұжымы қатысты.
 
Алматы облысы, Қазақстанда осындай тәжірибені енгізген алғашқы облыс екенін атап өткім келеді. Бұл азаматтық қорғау жүйесін құру және дамыту тарихына енетін тағы бір жаңа леп. Мектеп қабырғасынан бастап балалар өз тағдырларын игі іспен байланыстыруды шешкендері қуанышты. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, мұндай жұмысты ерте жастан бастап балалармен жүргізу өте маңызды. Өз кезегінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті оқыту процесін ұйымдастыру үшін жан-жақты қолдау көрсете отырып, осы жұмысты жалғастыратын болады.
 
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі