
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Тілдер сарайында Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен "Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі" атты салтанатты рәсім өтті. Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы "Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі"атты байқауды онлайн режимде өткізуде.
Конкурстың мақсаты: кітап оқу мәдениетін дамыту және танымал ету; облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру; қазақ және шетел жазушыларының үздік шығармаларын көпшілікке тарату.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері осы байқаудың жүлдегері атанды.
Алматы облысы ТЖД заң тобының бас маманы Асылбекова Қарлығаш Кеңесбекқызы облыстық конкурсқа белсенді қатысқаны үшін диплом, 40000 теңге сомасына сертификат, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың қара сөздері кітабын алды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі