Алматы облысында жолдың жабылуы туралы ақпарат

Алматы облысында жолдың жабылуы туралы ақпарат

2021 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 17:30 - дан бастап “ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ АОФ және "Қазақавтожол" ЖШС Алматы ОФ хабарламасы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, шектеулі көріну) Республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" (84-184 км) автожолы барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуға және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі