Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің "ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2021"жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің "ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2021"жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Жастар-жарқын болашақтың негізі. Сондықтан өскелең ұрпақтың өсіп-өркендеуі мемлекеттің басты назарында, осыған байланысты 2021 жылғы 8 желтоқсан күні Көксу ауданының әкімі Алмас Қабдолұлы Әділ түрлі салада жұмыс істейтін жастарды марапаттады. Олардың ішінде Алматы облысы ТЖД қызметкері азаматтық қорғау аға лейтенанты Дархан Айдарұлы «үздік жас әскери қызметші» номинациясын алды. Айдарұлы Дархан 1993 жылы 25 шілдеде Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2017 жылдың мамыр айында азаматтық қорғау органдарының қатарына қабылданды. Қазіргі уақытта Көксу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері лауазымында жұмыс атқарады. Төрт жыл ішінде ол өзін белсенді өмірлік ұстанымы бар - жауапты, сауатты қызметкер ретінде көрсетті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында еңбексүйгіштік және өз жұмысына жауапкершілікпен қарау арқасында Дархан осы номинацияға ие болды.

Сондай-ақ Көксу ауданы Балпық би ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Сапаш Нұржан Қайратұлы «үздік жас батыр» номинациясына ие болды. Мұндай номинацияға ол «конвульсиялық синдромы» бар баланың өмірін сақтап қалғаны үшін ие болды, оған Нұржан жылыту маусымында халықтың өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша аулаларды аралау кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар, 2021 жылдың 2 желтоқсанында Сапаш Нұржан «Үміт» еріктілер тобының мүшесі ретінде «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығының дипломымен марапатталды. Нұржан Қайратұлы Сапаш 1998 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе ауылында дүниеге келген. 2017 жылдың қараша айынан бастап азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылданды, қазіргі уақытта Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі болып жұмыс істейді.

 

Алматы обласы ТЖД баспасөз қызметі