
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп, халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға бағытталған жеке секторды аралауды жалғастыруда. Облыс тұрғындарына пешпен жылытуды орнату және пайдалану бойынша негізгі талаптар жеткізілді.
Жылыту кезеңінің басынан бастап 177 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді, 190 мың адамды қамти отырып, пештерді, газ жабдығын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау туралы түбіртек-ұсыныстар мен жадынамалар таратылды.
Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен 2021 жылдың басынан бері аз қамтылған және көп балалы отбасылардың үйлеріне 831 улы газ датчигі және 479 түтін хабарлағышы орнатылды.
Жеке сектор тұрғындарын оқыту өрттердің алдын алуда маңызды сәт болып табылады, сондықтан ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінің соңына дейін осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.
Алматы облысының ТЖД бұл облыстағы өрттермен болған жедел жағдайға әсер етіп, адам өмірлерін сақтайды деп үміттенеді.
Жылыту маусымында өрттің алдын алу үшін қарапайым ЕРЕЖЕЛЕРДІ сақтауыңызды сұраймыз:
- жылыту маусымы кезінде кемінде үш айда (жылыту пештері үшін) түтіндіктерді күйеден тазарту, жарықтарды саз-құм ерітіндісімен жағу, шатырдағы және төбеден жоғары түтін құбырын ағарту қажет;
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау, сондай-ақ оларды қарауды жас балаларға тапсырмау қажет;
- балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отырыңыз. Оларға тұрмыстық жылыту құралдарын өз еркімен пайдалануға рұқсат бермеңіз, сіріңкелерді олар үшін қол жетпейтін жерлерге алып тастаңыз, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отыны және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды;
- отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен, газбен жақпау;
- есігі ашық пештерді жақпау қажет;
- отынды, киімді және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештерде және пештердің оттық саңылауларынан кемінде 0,5 м қашықтықта кептірмеңіз және қоймаңыз;
- желдету және газ арналарын мұржалар ретінде пайдаланбаңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережелерінің осы қарапайым талаптарын орындау сізді күтпеген салдардан құтқарады және тұрғын үйдің әрбір иесі жылыту пештерін пайдалануда өте сақ болу керек. Өрт аяусыз. Сіз бұл туралы мүліктің, денсаулық пен өмірдің қауіпсіздігі үшін ұмыта алмайсыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметы