
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2021 жылғы 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашынсыз(жаңбыр, қар). Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, Алакөл көлдерінің ауданында 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 2 градус аяз-3 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарында 7 градус аяз, күндіз 13-18, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарында 9 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
4-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Түнде 04 желтоқсанда облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, облыстың шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауаның температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстікте, таулы аймақтарда 5-10 градус аяз, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарда 3 градус жылы. «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі