Құрметті кәсіпкерлер және объектілердің басшылары! Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды!

Құрметті кәсіпкерлер және объектілердің басшылары! Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды!

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттерінің бірі төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде бақылау субъектілерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы хабардар ету арқылы ескерту болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектілерін тексерулер санының кемуіне (шағын кәсіпкерлікке (микрокәсіпкерлік) тексерулер жүргізуге мораторийдің қолданылуына), сондай-ақ ведомстволық тиесілігіне қарамастан тәуекелдің болмашы дәрежесіне жатқызылған объектілерге қатысты тексерулер жүргізбеуіне байланысты Департаментпен субъектілерді ақпараттық хабарлауға баса назар аударумен қатар, жұмыс қайта құрылды.

Осы жұмысты жүргізе отырып, біз бұзушылықтарды анықтау және айыппұл салу мақсатын көздемейміз.

Осы жұмыстың негізгі мақсаты ұсынымдарды тапсыру арқылы алдын алуды жүргізу, объектілердің меншік иелеріне өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін жеткізу болып табылады, оларды сақтау өрттің туындау қауіпін барынша азайтады.

Осыған байланысты, үшінші тұлғалар тарапынан бақылау субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау мақсатында және алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін, Департамент Сіздерге азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері келген кезде олардың қызметтік куәлігін, сондай-ақ лауазымды тұлғаның бекітілген үлгідегі лауазымы, атағы және Т.А.Ә. көрсетілген жадынаманы талап етуге құқығыңыз бар екенін хабарлайды.        

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8(7282) 55-91-27, 87717466393 телефондары арқылы, сондай-ақ 8(7282) 55-91-18, 22-15-67 сенім телефондары арқылы ақпарат ала аласыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі