2021 жылғы 16 қараша күні "Jetisymedia" ақпараттық алаңында «Жұқа мұздың қауіптілігі», «Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі» және «Қысқы кезеңде автожолдардағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбтарында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Бельдыбаев Қуат Майтайұлы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Тұрұмов Манат Бексұлтанұлы және Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Әлібай Сағади Асқарұлы сөз сөйледі.
Спикер Қуат Майтайұлы атап өткендей, мұз астындағы балық аулау кезіндегі оқиғалардың шыңы, әдетте, маусымның басында - қараша-желтоқсанда болады. Қазіргі уақытта мұз әрдайым барлық жерде қалың емес, бірақ бұл балықшыларды тоқтатпайды және олар мұзға жеңіл көліктер мен джиптермен батыл кіреді. Бұл ең жақсы жағдайда көліктің батып кетуімен, ең жаманы – адам өлімімен аяқталады. Дәл осындай жағдайлар көбінесе ақпан айында, кейде наурыздың басында мұзды балық аулау маусымының соңында болады. Адамдар төмен 20-30 градус қатты аязда балық аулауға барған кезде оқиғалар аз кездеседі, бірақ олар да орын алады және өмірге өте қауіпті. Жағадан алыс және аязды қолдарымен адам физикалық түрде құрлыққа жету үшін күш таба алмайды. Барлық осы оқиғалардың басты себебі-менмендік және бір жерде балықшылардың жауапсыздығы. Көптеген балықшылар өз тәжірибелерімен олармен ештеңе бола алмайтынына сенімді. Департаменттің Жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелері тұрақты негізде мұз асты балық аулау кезінде азаматтарға қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша профилактикалық рейдтер жүргізеді, онда Төтенше жағдайлар бөлімдері және балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп жыл басынан бастап балықшылармен 183 рейд өткізілді, оның барысында балықшыларға мұз асты балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары жеткізілді, су айдындарында жағалау сызығы бойында 11 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылды, баспа басылымдарында және интернет ресурстарында 40 материал жарияланды, тарату арқылы 1875 үгіт материалдары таратылды (плакаттар, буклеттер мен парақшалар), суда (мұзда) жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша 286 нұсқаулық өткізілді, «Аңшылар мен балық аулаушылардың қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша 21 акция өткізілді. Балық аулау дүкендерінде және балық аулау құралдарын сату орындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 1000-нан астам жадынама таратылды.
Екінші спикер – Манат Бексұлтанұлы былай деді, өткен жылу беру кезеңінің қорытындыларын ескере отырып, 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңінің қарсаңында тұрғын үй секторындағы алдын алу жұмыстарының тәсілдері қайта қаралды. Азаматтық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні халықтың әлеуметтік осал топтарының 13 953 үйі қамтылды, оның барысында 23 903 азаматқа нұсқау берілді. Үйлерді аралау барысында 1 576 бұзушылық анықталды, оның ішінде 1 371-І тұрғындармен өз бетінше жойылды, яғни 86% бұзушылықтар жойылған, өз кезегінде бұл бұзушылықтарды өз бетінше жойған азаматтар, мүмкін өзімен қоса жақын адамдарының өмірін сақтап қалды, қалған үйлердегі бұзушылықтарды жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер ұйымдармен бірлесіп адрестік көмек көрсету жоспарлануда. Жаңаша жұмыс жасау нәтижесінде 2020-2021 жылдарындағы пеш жағу маусымында әлеуметтік осал топтарында өрттің болмауы болып табылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, есепке алынған үйлер араланды, жалпы саны 394 514 (қатты отынмен жылытылатын – 243 786, газбен жылытылатын 146 340, орталық жылумен жылытылатын – 4187, электр көзімен - 201) тұрғын үйден 85 609 тұрғын үй профилактикалық жұмыстармен қамтылды (497 – үйді іске қоспады, 1729 – үй болған жоқ), олардың барысында 97 мыңнан астам азаматқа нұсқау беріліп, түбіртек-ұсыныстар таратылды және т.б. Аралау кезінде кейбір тұрғындар өз тұрғын үйлеріне кіргізбейді, бұл әркімнің конституциялық құқығы, бірақ әрбір үй иесі ӨҚЕ сақтауға міндетті, сонымен қатар кейбір тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарауы өз кезегінде өрт, адамдардың улы газбен улану, сонымен қатар қаза болу қайғылы оқиғаларына әкеліп соқтырады. Айта кету керек, "Азаматтық қорғау туралы" Заңында ТЖМ тарапынан жеке тұрғын үй қорының өртке қарсы жай-күйін бақылау көзделмеген.
Үшінші спикер – Сағади Асқарұлы атап өткендей, Алматы облысы жолдарының жалпы ұзындығы 9632,5 км құрайды, оның ішінде Республикалық маңызы бар – 2822 км, облыстық маңызы бар – 6167,5 км, аудандық маңызы бар-643 км. Облыс аумағында қар басатын 37 учаске бар, оның ішінде республикалық автожолдарда – 18 учаске, облыстық автожолдарда – 19. Сондай-ақ, облыс бойынша 5 асу бар. Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам жүк және жеңіл автокөлік қар құрсауында қалады. Бұл өз кезегінде адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Мәселен, 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңде Үшарал-Достық автожолында бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шығулар саны, 30 жағдайды құрады, авариялық-құтқару жұмыстарында 175 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, төтенше жағдайлар аймағынан 63 адам эвакуацияланды, 91 бірлік техника шығарылды. "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ деректеріне сәйкес, қар құрсауына түскен адамдарды орналастыру үшін Алакөл, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Райымбек, Кеген, Кербұлақ, Көксу және Қарасай аудандарында 10 жылыту пункті мен 9 өндірістік база дайындалды. Облыс аумағында 6 трассалық-медициналық құтқару пункттері бар, олар қажет болған жағдайда жылыту пункттері ретінде де пайдаланылатын болады. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайтын 13 мердігерлік ұйым: 11 983 тонна көктайғаққа қарсы материалдар, 453 тонна жанар-жағармай материалдары және қысқы кезеңде қар тазалауға арналған 338 бірлік арнайы техника дайындады. 700 дана "тайғақ жол", "жылдамдықты шектеу" уақытша жол белгілері дайындалды. Бұдан басқа, қар басатын учаскелерде облыстық маңызы бар "Алматы-Өскемен"-"Қапал-Арасан" автомобиль жолының бойынан 5 км, Қоңыр ауылына кіреберіс және "Сарөзек-Көктал" автомобиль жолының бойынан 5 км 40-45 км қар ұстайтын қалқандар орнатылды. Денсаулық сақтау объектілерінің халыққа уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайындығы қамтамасыз етілді. Оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Облыстың медициналық ұйымдарында зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету қоры құрылды. 35,7 млн.теңге сомасына - 130 атаулы дәрілік заттар, сондай - ақ 21,5 млн. теңге сомасына-медициналық мақсаттағы құралдар және 2,1 млн. теңге сомасына 75 атаулы таңу материалдары сатып алынды. Қыста алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, оның өзгеруін және SMS-хабарламаларды бақылау қажет.
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды қыс мезгіліндегі барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі