
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының
ауа райы болжамы бойынша
2021 жылғы 15 қараша арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: түнде жауын-шашын, күндіз облыстың оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ.Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Ауаның температурасы түнде 3 градус аяз-2 градус жылы, таулы аудандарда 6 градус аяз, күндіз 3-8, таулы аудандарда 0 градус.
Талдықорған қ.: бұлтты, түнде жауын-шашын, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде шамамен о градус, күндіз 3-5 градус жылы.
16-17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Күндіз 16 қарашада облыстыңоңтүстігінде жауын-шашын, 17 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 9-14 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 17 қарашада екпіні 23-28, күндіз Алакөл көлдерінің аймағында 30 м/с және одан астам. Ауаның температурасы түнде 3-8, облыстың таулы аудандарында 12 градус аяз, күндіз 6-11, таулы аудандарында 3 градус жылы, 17 қарашада түнде 0-5, облыстың таулы аудандарында 10 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарында 0 градус.
РГП «Казгидромет» филиалының сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі