
"Қыс-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа облыстық комиссия мүшелері, қала және аудан әкімдері, азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары қатысты (бейнеселекторлық режимде),. Күн тәртібінде: "Қыс-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу бойынша, сұрағы қаралды. Комиссия төрағасы қарастырылған мәселелер бойынша баяндамаларды ескеріп, ұсынылған іс-шараларды дер кезінде атқаруды және барлық қатысушыларды берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауғ ашақырды.
Алматы облысы ТЖД
баспасөз қызметі