Алматы облысында «Қыс-2021» РКЩОЖ өтіп жатыр

Алматы облысында «Қыс-2021» РКЩОЖ өтіп жатыр
2021 жылы 11-12 қараша аралығында Алматы облысында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс 2021» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.
 
 Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.
  
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі