
Суық түскен сәттен бастап барлық тұрғын секторлардың тұрғындары жылыту пештерін іске қосты. Осы кезеңде жылыту пешін іске қосуы бойынша өрт қауіпсіздік ережелерінің кемшіліктерімен байланысты «пеш» апатының сандары көбейеді. Бірақ басқа да сұрақтар туындайды, көптеген адамдар әлі суымаған пеш күлі ешқандай қауіп төндірмейді деп ойлап, үй алдындағы жаңғыш құрылыстар жанына және қора маңайларына төге салады. Бұл дұрыс емес.
Өрт көзі тұрғындар үйіне, ғимараттарға жақын төгілетін күл болып табылатын көптеген жағдайлар бар. Тұрғындар тұрмыстық істермен айналысып кетіп қалады, біреулері жұмысқа кетеді. Сонымен қатар, сөнбеген отын үйлер мен аулаларға таңдалады.
Күйе - бұл күл емес, ал түгелдей жанбаған зат ары қарай жануы мүмкін. Күлді және шлактарды пештен алғаннан кейін оған су құйып арнайы белгіленген қауіпсіз жерге төгу керек. Өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес күлді, шлактарды сақтауға тұрақты арнайы орның анықтау керек, жанғыш құрлыстарға арақашықтығы 15 метр болуы қажет.
Есте сақтаныздар, өздеріңізді жаман қатерден алдын ала сақтаңыздер.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі