
Күзгі кезеңнің басталуымен түнгі аяздың туындау ықтималдығы артады.Температураның төмендеуіне байланысты аяз кезінде тұрмыстық электр аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу, үйде жылыту құрылғыларын пайдалану және пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан техногендік өрттердің туындау ықтималдығы артады.
Балқаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:
-ақаулы электр аспатарын, сондай-ақ сымдарда оқшауланғандары зақымдалған аспаптарды пайдалануға болмайды;
-қолдан жасалған электр жылыту құралдары мен сақтандырғыштарды қолдануға болмайды, олар тек зауытта жасалған болу қажет;
-жаңа электр жабдықтарын сатып алу және орнату кезінде бұл өнімнің сертификатталаған болуы маңызды, ал жұмысты бастамас бұрын нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
-электр аспаптарын жанғыш заттар мен материалдардың қасында орнатуға тыйым салынады;
-желіге қосылған электр құралдарын ұзақ уақытқа қараусыз қалдыруға болмайды;
-бірнеше құрылғыны бір розеткаға өтпелі шаңышқы немесе электр құрылғысының көмегімен қосуға қатаң тыйым салынады, дереу тоқтан ажырату қажет.
Тұман жағдайында автокөлік жүргізушілеріне өте сақ болу керек. Мүмкін болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа-райының жақсаруын күткен дұрыс. Егер бұл мүмкін болмаса, қауіпсіз жүрудің негізгі кепілі-жылдамдықтың айтарлықтай төмендеуі, жол жүрген кезде қашықтықты арттыру, басып озу, кенеттен маневр және тежеу жасамау маңызды екенін есте ұстаған жөн.
Тұман кезінде автомобильдің әйнектерін түсірген дұрыс. Бұл жағдайда жолдан қажетті дыбыстарды есту мүмкіндігі көбірек болады.
Егер сіз тоқтауды шешсеңіз, онда автокөлікті барынша оң жаққа қойыңыз және габариттік оттарды қосулы күйінде қалдырыңыз, сондай-ақ авариялық жарық сигнализациясын пайдаланыңыз.
Сонымен қатар, қатты тұман күтілу туралы дауылды ескерту алсаңыз, орманға және қайықтан балық аулауға барудан бас тартыңыз. Егер сіз табиғатта тұманның қоюланғанын байқасаңыз, орманда немесе тоғанда бағдарыңызды жоғалтпау үшін шаралар қолданы қажет.
Осы ережелерді сақтау сізге бақытсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі