
Жыл сайын адамдар көп улы газдан немесе көміртегі тотығынан зардап шегеді – бұл, көрінбейтін және байқалмайтын сұмдық қауіптілік. Өкінішке орай, улы газ туралы хабардарлыққа қарамастан, олардың улануы барлық жерде кездеседі. Көбінесе бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанда, атап айтқанда жылыту пештері мен газ аспаптарын дұрыс пайдаланбағанда байқалады. Улы газдың адам ағзасына зиянды әсері зат тыныс алу жүйесін зақымдайтын, гемоглобин қосылған қан жүйесіне еніп, нәтижесінде қан құрамының өзгеруі болады, содан кейін бүкіл ағза зардап шегеді.
Иісті газбен улану елеулі, ал кейбір жағдайларда денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Негізгі мәселе-түсі де, иісі де жоқ, ешқандай сезім тудырмайды, сондықтан оны жиі "Үнсіз өлтіруші" деп атайды. Иісті газ ауамен араласқанда іс жүзінде байқалмайды, сондықтан адам уланғаннан кейін ғана жағдайдың нашарлауын байқайды.
2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымының басынан Алматы облысының аумағында пешті орнату және пайдалану ережелерін бұзу салдарынан, пештерді пайдаланудан иісті газдан улану жиілеп кетіп 4 жағдай тіркелді, соның салдарынан улы газдан 10 адам жарақат алды, қаза тапқандар тіркелген жоқ.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзатын, пешті орнату және пайдалану талаптарын елемейтін, ал ата-аналардың бейқамсыздығынан олардың балалары зардап шегеді. Егер пешті дұрыс пайдаланса және жұмыс күйінде ұстаса, онда отын жанған кезде өндірілген иісті газдың мөлшері әдетте қауіп төндірмейді. Абай болу-иісті газбен уланудың алдын алу кепілі. Жабық ысырмамен және жанбаған отынмен пеш иісті газдың көзі және білдіртпейтін уландырғыш болып табылады. Отын толығымен жанып кетті деп есептей отырып, пеш иелері жылуды сақтау үшін түтіннің жапқышын жабады. Ауа жеткіліксіз болған кезде бықсыған көмірлер улы газ түзеді, ол үй-жайға пеш конструкциясының герметикалық емес учаскелері арқылы шығады. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Түтін мұржасында әлсіз тарту және ауаның келіп түспеуінен, сондай-ақ отынның толығымен жамбауының салдарынан улы газдың пайда болуы мен жиналуы орын алып отыр. Мұржаны күту өте қиын емес-жылына екі рет, жылыту маусымының басында және аяғында жеткілікті, кірпіштен қаланған жіктердің герметикалығын және модульдердің түйіспелерін тексеру, қажетіне қарай ішкі беттерін күйеден тазарту. Түтін мұржасының пешпен қосылуын тексеруге ерекше көңіл бөліңіз. Құрылғының ұзақ уақыт тұрып қалуынан кейін, от жағар алдында үштік қақпағын ашып, мұржада күйе, жапырақтар жиналып қалмағандығына және онда құс ұясы пайда болмағандығына көз жеткізіп, құбыр арқылы қарау керек (кейде орын алады). Егер бүгін кемшіліктер болса - оны ертең жою кеш болуы мүмкін.
Иісті газдан уланудың алдын алу мақсатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады. Пешпен жылытуды пайдалану кезінде жол берілмейді:
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;
- пеште жарықтардың болуы, ластанған түтін мұржасы ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін;
- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;;
- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды өрт алдындағы параққа орналастыруға;;
- адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайларда пешті жағу;
- пешті пайдалану нұсқаулығымен белгіленген уақыттан тыс жағу;
- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ-киім, киім, отын) пештің және түтін жолдарының бетінен 0,5 м-ден кем қашықтықта кептіруге;
- газ жабдығын өз бетінше жөндеуге, өзгертуге және қайта орнатуға тырыспаңыз;
- жабық бөлмені жылыту үшін газ немесе керосин оттығын пайдаланбаңыз;
- балаларды газ құралдарына жібермеңіз;
- көмір өртенгенше пеш қақпағын жаппаңыз;
- жақсы желдетуді қарастырыңыз;
- пеште дайындалып жатқан тағамды қалдырмаңыз.
Құрметті азаматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді сақтау Сіздерге улы газдан, табиғи газдан улануы мен қаза болуын және тұрмыстық өрттердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Есіңізде болсын – улы газ қауіпті, ол тез және білдіртепей әрекет етеді, сондықтан өмірлерініз бен денсаулықтарыңыз жылдам қабылданған шараларға тәуелді. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі