
Жылыту маусымы басталуда, суықтар жақындап келеді. 2021 жылдың 15 қазанынан бастап жеке тұрғын үйлерінде жылыту маусымы басталды яғни тұрғын секторда адамдардың улағыш газдан улануы аса алаңдаушылықты тудырып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Талғар ауданының аумағында 2021 жылдың өткен кезеңінде 119 өрт оқиғалары тіркелген, өрттен жарақат алған адам саны – 5, өрттен 5 адам қаза тапты.
Төтенше жағдайлардың негізгі үлесі жеке тұрғын үй секторларындағы өрттер. Өрттердің көбісі негізі ретінде, жеке үйлердің иелерімен қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы болып табылады. Көптеген жағдайларда, өрт оқиғалары ескірген және авариялық күйдегі үйлерде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғындарынан кездеседі.
Негізгі себеп тұрғындардың жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр.
Осыған байланысты, Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Бельбұлақ ауылдық округінің әкімдігімен бірлесіп инвалидтер отбасыға жарықтарды бітеу, пештің түтіндігін тазалау және улы газ датчигін орнату түрінде өрт алдын алу көмегін көрсетті. Аталған жанұяға Талғар ауданының полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге рейдттік аралау жүргізілген, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізілді, балалардың жарақаттануын алдын алу бойынша әнгімелеу жүргізіліп жадынамалар ұсынылды.
Құрметті Талғар ауданының тұрғындары, сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауыңызды сұраймыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеуді өрт кешірмейді. Тұрғын үйлерде пештің дұрыс жұмыс істемеуінен болатын өрт жағдайлары көп, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы естеріңізге салады:
- түтіндікте және пештегі жарықшалар, ақаулы пештің оттығы және пеш алдындағы қаңылтырдың болмуы сияқты айқын кемшіліктері бар жылыту пештерін пайдаланбаңыздар;
- түтіндікті тазалап тұрыңыздар;
- пешті қатты қыздырмаңыздар;
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыздар;
- пешті жағуды ұйқыға кетер алдында екі сағат бұрын тоқтату керек.
Егер сізде өрт болса, "101" немесе "112" телефоны бойынша өртке қарсы қызметті шақырыңыз.
Алматы облысы ТДЖ баспасөз қызметі