Азаматтық қорғау органдарының имидждік келбеті

Азаматтық қорғау органдарының имидждік келбеті

Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Бұл халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау критерийі. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің сәйкестік дәрежесін белгілейді, нақты әлеуметтік топтардың және жалпы қоғамның талаптары мен үміттерін көрсетеді. Нәтижесінде мемлекеттік билік органдарына қатысты азаматтардың кескін мінез-құлықты айтарлықтай анықтайды. Мемлекеттік қызметті қоғамдық қолдау дәрежесін және оны реформалау бағдарламаларын анықтайды.

Имидж (ағылшын тіліндегі image сөзінен) - бұл мақсатты түрде (тұлғаның, ұйымның, құбылыстың) қалыптастырылатын бейнелеуі, белгілі адамдар тобына эмоционалды және психологиялық әсері.

Азаматтық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыру, құрылымға қажетті тиімді жұмыс істеуі мен дамуы үшін, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының қызметтің тиімділігін арттыру шарты.  Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметшілердің имидждін арттыру қажеттілігіне қатысты мәселелерге, мемлекет елеулі назар аударылады. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшілерге ерекше сенім білдіру және адамгершілік пен моральдық-этикалық талаптарға жоғары талаптар қояды. 

Азаматтық қорғау органдарының имиджін арттыру, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында, сондай-ақ ҚР Құтқарушылар күніне арналған кәсіби мерекені мерекелеу шеңберінде, Талғар ауданының ТЖБ имидждік келбетті жақсарту мақсатында Талғар қ.2-МӨСБ атауы бар баннерлер жаңартылды, өрт сөндіруші бейнеленген баннер орнатылды. Сонымен қатар, аудандық "Талғар" газетімен өзара іс-қимыл меморандум жасалды және Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлерінің имидждік келбетін арттыратын 2 мақала жарияланды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі