Талғар ауданының Нұра ауылдық округінде көп балалы анаға өрт-профилактикалық көмек көрсетілді.

Талғар ауданының Нұра ауылдық округінде көп балалы анаға өрт-профилактикалық көмек көрсетілді.

Суықтар жақындаған сайын тұрғындар көбінесе мұржаларды, түтін құбырларын күйеден тазартпай, сонымен қатар су жылытудың кеңейту цистернасын оқшаулау сенімділігін тексермей (егер ол жылытылмаған бөлмеде болса) пешті жағуды бастайды.

Осыған байланысты, ​Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Нұра ауылдық округінің әкімдігімен бірлесіп көп балалы отбасыға жарықтарды бітеу, пештің түтіндігін тазалау және улы газ датчигін орнату түрінде өрт алдын алу көмегін көрсетті. Аталған жанұяға Талғар ауданының полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге рейдттік аралау жүргізілген, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізілді, балалардың жарақаттануын алдын алу бойынша әнгімелеу жүргізіліп жадынамалар ұсынылды.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары, сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауыңызды сұраймыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеуді өрт кешірмейді. Тұрғын үйлерде пештің дұрыс жұмыс істемеуінен болатын өрт жағдайлары көп. Түтін арналарын және әсіресе шатырдағы түтіндікті тексерместен. Шатырдағы түтін құбыры жарықсыз әк ерітіндісімен ағартылуы керек.

   Жылыту пешін пайдалануға оның жарамды күйіне кетіру үшін:

- жарықтар мен күйіктердің болмауы,

- пештің есігі тығыз жабылуы керек.

Сондай өрт қауіпті жай күйге келтіріп қана пешті қолданыңыздар. От жағу есігінің алдында өлшемі 50х70 см металл парақ бекітіледі. Қатты отынмен жанатын пешті жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға, сондай-ақ отынды, киімді және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге, жағатын пешті қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Егер сізде өрт болса, "101" немесе "112" телефоны бойынша өртке қарсы қызметті шақырыңыз.

 

Алматы облысы ТДЖ баспасөз қызметі