
Бекітілген кестеге сәйкес Алматы облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ басшылығымен халықты түрлі ТЖ кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін оқыту мақсатында 23 қазан күні сағат 23:22-де Қапшағай қаласының "Көпбейінді облыстық үздіксіз білім беру колледжінде" осы білім беру орталығының студенттерімен өрт-тактикалық сабақ өткізілді.
Өрт-тактикалық сабақты өткізу барысында студенттерге осындай нысандардағы өрт кезіндегі тәртіп ережелері мен нұсқаулықтар түсіндірілді.
ӨТС өткізу орнында Алматы облысы ТЖД-8 қызметкері мен 6 техникасы, жедел медициналық жәрдемнің 3 қызметкері мен 1 техникасы, сондай-ақ полицияның 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі