
Аз қамтылған отбасыларға аса көңіл бөлінеді. Дәл осындай әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлерін аралау арқылы, жылыту маусымына тұрғын үй секротындағы өрттің алдын алу, адам қазасын болдырмау, жылыту қазандықтарын қолданғанда улы газдан уланудан сақтану және өрт қауіпсіздік ережелері туралы үгіт насихат жұмыстары әр апта сайын жүргізілді. Олардың ішінде– ішімдік пайдаланатын отбасылар да, балаларын өз еркіне қалдыратын отбасылар да кездеседі.
Аталған іс-шарада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлерін аралап, жадынамалар таратты. Мұндай рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде инспекторлар көбінесе ата-аналардың балаларды үйде жалғыз қалдыруының, мұның қалай аяқталуы мүмкін екендігі туралы ойланбастан куәсі болады. Балалар сіріңкемен ойнайды, өрт шыққан жағдайда далаға шыға алмайды. Өз балаларын өрт кезіндегі қарапайым әрекеттерге үйрету, сіріңкемен ойнаудың салдары не әкелетінін түсіндіру, ең алдымен ата-аналардың міндеті. Барлық ата-аналармен әңгіме жүргізілді, Өрт қауіпсіздігі ережелері көрсетілген жадынамалар табыс етілді.
Сондай-ақ тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді: Оттықтың алдындағы еденде жанбайтын материалдан жасалған көлемі кемінде 50х70 сантиметр зақымдалмаған от алдыру алдындағы Парақ жатуға тиіс. Пештің жағу есігі жағынан кіретін жолдары бос болуы тиіс. Жиһаз пештен 70 сантиметр, ал оттық саңылауларынан кемінде 125 сантиметр қашықтықта болуы тиіс. Бұдан басқа, пештер мен түтін құбырларының беттері шаң мен басқа да жанғыш шөгінділерден жүйелі түрде тазартылуы тиіс. Қож мен күлдерді арнайы бөлінген қауіпсіз жерге апарып, сумен өшіру қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Өрт немесе ТЖ кезінде 101/112 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі