
"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 жарлығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және елдің азаматтық қорғанысы саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні болып табылады.
Мереке қарсаңында Талдықорған қаласындағы өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндіруші-құтқарушылары туралы айтып береміз.
Азаматтық қорғау сержанты Ардан Жанатбекұлы Байғожанов 1985 жылы туған, Талдықорған қаласы "Алматы облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ"ММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы болып жұмыс істейді. АҚО жұмыс өтілі-13 жылдан астам. 2021 жылғы 14 қаңтарда қызметтің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығында Талдықорған қаласы мүшел шағын ауданындағы пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына АЦ-8-40, а-32 автокөліктерімен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі жіберілді. Оқиға орнына келгенде, 4-ші қабатта пәтер жануының орын алғандығы анықталды. Барлау барысында бұл пәтерде адамдар бар екендігі анықталды. А.Байғожанов газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында осы пәтерден екі ересек пен бір бала құтқарылды. 2018 жылы III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен және 2021 жылы «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Азаматтық қорғау кіші сержанты Баймұхамбетов Нұрсұлтан Мақсатұлы 1998 жылы туған "Алматы облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ"ММ Талдықорған қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы болып жұмыс істейді. Азаматтық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі-шамамен 3 жыл. 2021 жылғы 14 қаңтарда азаматтық қорғау кіші сержанты Н. Баймұхамбетов Талдықорған қаласы мүшел шағын ауданында өртке кезекші қарауылдың бірінші жүрісінде шақыру орнына шықты. Алданмен бірге газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарының тұрғындары эвакуацияланды, сондай-ақ 2016 жылы туған бала құтқарылды. Азаматтық қорғау кіші сержанты Н. Баймұхамбетовтың шебер іс-әрекеттерінің арқасында құтқару операциясы адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірместен жүргізілді, тұрғын үй-жайларға оттың таралу қаупі жойылды. 2021 жылы "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін"төсбелгісімен марапатталған.
Азаматтық қорғау қызметтерінің қызметкерлерінен апаттарға қарсы тұруға тәулік бойы дайындық талап етіледі. Құтқарушылар бейбіт күндері де адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін майдандағыдай күресуде. Тек ең батыл, мықты және ержүрек адамдар ғана өз өмірінің ісі ретінде құтқарушының жұмысын таңдайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі