
2021 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрімен бекіткен 2021 жылы Құтқарушы күнінің 26 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6-тармағын орындау мақсатында, 2021 жылғы 8 қазанда Департамент бөлімшелері арасында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, шағын-футбол бойынша спорттық іс-шара өткізілді, оған 7 команда қатысты.
Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының 1-МӨСБ 1-орын, "ӨС және АҚЖҚ" ММ 2-орын, Балпық би ауылының 8-ӨСБ 3-орын алды.
Спорттық іс-шараның жеңімпаздары Құтқарушы күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталады.
Алматы облысы ТЖД
Кадр саясаты басқармасы