Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық мұражайына барды

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық мұражайына барды

        Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі бекітілген 2021 жылы Құтқарушы күнінің 26 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7 тармағын орындау үшін, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру және кәсіптің беделін арттыру шеңберінде, 2021 жылғы 8 қазанда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып «Қазақстандық төтенше жағдайлар бойынша ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Нұргелді Байғонысұлы Қойшыбаевтың қатысуымен азаматтық қорғау органдарына қызметке жаңадан кірген қызметкерлерге Департаменттің ведомстволық мұражайына баруды ұйымдастырылды.       

          Н.Б. Қойшыбаев жас қызметкерлерге Департаменттің ведомстволық мұражайы бойынша экскурсия жүргізіп, мұражайдың құрылу тарихы, тарихи фотосуреттер бұрыштары, жауынгерлік өрт киімі, радиобайланыс, өрт күзеті құрылғаннан бергі баспа машиналары, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар туралы құрама кітаптар, кеңес әдебиетінің журналдары мен жинақтары, төсбелгілер туралы айтып берді.

          Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері Долидуд Егоря Степановичке, Жуков Евгений Петровичке, Редько Петр Леонтьевичке арналған бұрышқа ерекше назар аударылды.

         

 

Алматы облысы ТЖД

Кадр саясаты басқармасы