Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 8 қазанында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

Отырыста үш мәселе қаралды:

  1. Облыс аумағында 2021 жылдың шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының қорытындысы туралы.;
  2. Облыс аумағында 2021-2022 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды даярлау және ұйымдастыру туралы;
  3. Қауіпті өндірістік объектілердің санитариялық – қорғау аймағында жер учаскелерін беру туралы.

         Облыстық комисссия отырысында, комиссия мүшелеріне, мүдделі облыстық қызметтерге, аудан және қала әкімдеріне орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалармен ұсынымдар берілді:

         -2021 жылғы шомылу маусымы бойынша,2022 жылғы шомылу маусымына міндеттер қойылды;

         -Алматы облысы ТЖД уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды даярлау және ұйымдастыру;

         -қауіпті өндірістік объектілердің санитариялық – қорғау аймағына жер учаскелерін беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуді тапсырады.

 

Алматы облысы ТЖД

Баспасөз қызметі