
2021 жылғы 8 қазанда Департаменттің дағдарыс орталығында «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігінің алдын алу және ескерту» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Манат Бексұлтанұлы Тұрымов сөз сөйледі.
Спикер-Манат Бексұлтанұлы атап өткендей, Алматы облысы республика бойынша халық тығыз орналасқан, аумағы - 223561,4 км2 құрайды, 741 елді мекен орналасқан, халық саны - 2 055 709 адам. Облыста есепте 394 514 Жеке тұрғын үй тұр (243 786 қатты отынмен, 146 340 орталық газ жүйесінде, 4 187 – орталық жылумен, 201-электрлік), оның ішінде 13 953 үй халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жатады. «Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарының 13 953 үйі профилактикалық жұмыспен қамтылды, оның барысында 23 903 азаматқа нұсқау берілді. 1 576 бұзушылық анықталды, оның ішінде 1 371-ін тұрғындардың өздері жойды, бұл жойылған бұзушылықтардың 86% - ын құрайды, өз кезегінде жойылған бұзушылықтар өздерінің және жақындарының өмірін сақтап қалуы мүмкін, қалған үйлер бойынша жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп атаулы көмек өткізу жоспарлануда. 2020-2021 ж.ж. жылу беру кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде өрттердің болмауы (2019-2020 ж. ж. 41 өрт және 3 қайтыс болған) екпінді тәсілдің тікелей нәтижесі болды»-деп атап өтті спикер.
Өткен жылу беру кезеңінің қорытындыларын ескере отырып, алдын ала, 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңінің қарсаңында тұрғын үй секторындағы алдын алу жұмыстарының тәсілдері қайта қаралды. Өрт профилактикасын жүргізу жоспарына сәйкес облыс аумағында тұрғын үй секторында қазіргі уақытта мүдделі органдармен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтары азаматтарының үйлеріне комиссиялық аралау жүргізілуде, оның барысында халықты жылыту жүйелерін өрт қауіпсіздігі жағдайына келтіру және қажетті әлеуметтік көмекті айқындау жөніндегі алдын ала іс-шараларды жүргізуге дайындауға басты назар аударылды. Күн сайынғы аулаларды аралаумен қатар, сенбі күндері халықпен кең ауқымды үгіт-насихат іс-шаралары ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, брифингтен кейін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, Талдықорған қаласы жергілікті полиция қызметі қызметкерлері «Қызыл Жарты Ай» ҮЕҰ, «Лидер КЗ», «Жас Отан» және «Мейримди Жетісу» сияқты волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу және болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізді және «Көмек қолы» акциясы ұйымдастырылды. «Өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізу барысында халықпен 100-ден астам адам жұмылдырылған 2000 данадан астам жадынамалар таратыла отырып, нұсқаулықтар мен әңгімелесулер өткізілді. Сондай-ақ, акция барысында мұржаның құдығын тазалауға, ақаулы пештің саңылауларын бітеуге және мүгедектігі бар жалғызбасты анаға отын дайындауға көмек көрсетілді. Бұл іс-шара ведомстволық «Спасая жизни» телебағдарламасы мен облыстық «Жетісу» телеарнасында көрсетіледі.
Манат Бексұлтанұлы азаматтарды тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауға шақырды. Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі