"Көмек қолы" акциясы

"Көмек қолы" акциясы

Кербұлақ ауданының ТЖБ және №19-ӨСБ қызметкерлері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп "Көмек қолы" акциясын ұйымдастырды.

          Акция барысында, әлеуметтік осал топтар отбасыларына күнделікті қажеттілік ететін азық-түлік себеттері табысталды.
Бұл адамдар кездейсоқ таңдалмаған, себебі "Тұрғын секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын" өткізу кезеңінде, азаматтық қорғау қызметкерлерімен жеке тұрғын үйлерді аралау кезінде азаматтар тұратын шынайы жағдайды өз көздерімен көрді, сондықтан көмек қолын созғысы келді. Іс-шара барысында, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша әңгіме-сұқбаттар жүргізілді, сондай-ақ пеш жабдықтарын орнату және пайдалану бойынша өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

           Аталған іс-шаралар алдыңғы уақытта да өз жалғасын табады.

 

Алматы облысы баспасөз қызметі