
2021 жылдың 5 қазанында сағат 08-10 - да кезекші байланыс пультіне Алматы облысы Талдықорған қаласы Балпық би көшесінде орналасқан "Березка" монша кешенінің шатыры жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бірінші өртке қарсы бөлімшелерінің оқиға орнына келгенінен кейін, көлемі 11х20, 2014 жылы салынған ағаш монша-бөрене үйінің шатыры жанып жатқаны анықталды, оның шатыры жалпы ауданы 220 шаршы метр болатын ағаш торлама бойынша металл шиферден жасалған.
Өрт сағат 08:46-да ауыздықталды. 150 ш. м. алаңда сағат 09:00-де сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 29 қызметкері мен 7 техникасы, қалалық полиция басқармасының 6 қызметкері мен 2 техникасы, жедел жәрдем бөлімінің 1 бригадасы жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі