Панфилов ауданының тұрғыны өрт сөндірушілерге алғысын білдірді

Панфилов ауданының тұрғыны өрт сөндірушілерге алғысын білдірді

Өртке қарсы қызмет қызметкерлері күн сайын өртпен бетпе-бет келеді және басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігуге тура келеді. Өрт сөндіру мамандығының ержүрек батырларына қажырлы еңбегі, кәсібилігі және өрт кезінде адамның қолдауы үшін алғыс хаттар келеді. Бұл жолы Панфилов ауданы Алты үй ауылының тұрғыны Қуаныш Ерғабылов алғыс сөздерін білдірді.

          Өрт 2021 жылдың 04 қазанында Панфилов ауданының Алты үй ауылында болған. Екі қабатты жаңа үй өртеніп, өрттің көрші тұрғын үйге және ауладағы ғимараттарға өту қаупі төнді. Жаркент қаласының №21 өрт сөндіру бөлімі мен Панфилов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт сөндіріліп, көрші құрылыстар құтқарылды. Құтқарылған үйдің иесі Қуаныш Ерғабылов: "Панфилов ауданының өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне үлкен рахмет.  Сіздердің батылдықтарыңыз бен ұйымшылдықтарыңыздың арқасында өрт сөндіріліп, менің үйіме көшкен жоқ. Қамқорлық пен қатысқаныңыз үшін рахмет. Сіздердің көмектеріңіз өте құнды және ешқашан ұмытылмайды", – деді Панфилов ауданының тұрғыны.

          Естеріңізге сала кетейік, бұл бөлімшенің өрт сөндірушілері адамдардың өмірін құтқару және өрт сөндіру кезінде өздерінің кәсібилігін, батылдығы мен жанқиярлығын бірнеше рет дәлелдеді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі