Жылыту маусымы

Жылыту маусымы

Суық түскен сәттен бастап барлық тұрғын секторлардың тұрғындары жылыту пештерін іске қосты. Осы кезеңде жылыту пешін іске қосуы бойынша өрт қауіпсіздік ережелерінің кемшіліктерімен байланысты «пеш» апатының сандары көбейеді. Бірақ басқа да сұрақтар туындайды, көптеген адамдар әлі суымаған пеш күлін ешқандай қауіп төндірмеді деп ойлап, үй алдындағы жаңғыш құрлыстар жанына және қора маңайларына төге салады. Бұл олай емес.

Көптеген жағдайлар төгілген күл кесірінен зұлым жау пайда болды. Тұрғындар ешқандай қауіпті сезбей күнделікті тұрмыстық жұмыстарымен айналасып жүрген кезде, әлі суымаған күл үйге және салынымдарға жақындайды. Күл және оның қалдықтарын қазандықтан алынғаннан кейін арнайы бекітілген орынға төгіледі және өрттің шығу мүмкіндігін жою үшін су бетіне құйылады.

Күйе- бұл күл емес, ал түгелдей жанбаған зат ары қарай жануы мүмкін. Күлді және шлактарды пештен алғаннан кейін оған су құйып арнайы белгіленген қауіпсіз жерге төгу керек. Өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес күлді, шлактарды сақтауға тұрақты арнайы орның анықтау керек, жанғыш құрлыстарға арақашықтығы 15 метр болуы қажет.

Есте сақтаныздар, өздеріңізді жаман қатерден алдын ала сақтаңыздер.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі