Балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеуде

Балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеуде

 

Өкінішке орай мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар қауіпті жерден аулақта жүріп-ақ, яғни үйде жарақат алып жататын кездер жиі ұшырасады. Ең өкініштісі мұндай келеңсіз оқиғалар ата-аналардың  бар кезінде іске асқан жағдайлар орын алуда.  

          Балалардың тұрмыстық жарақаттану себептері, бұл оқиғалардың барлығы ең алдымен, ата-аналардың бейқамдығы мен салғырттығы болып табылады. 

Балалардың айналасындағы құбылыстарды тануға деген құштарлығы бұл әрине қуанарлық жағдай. Бірақ ересектердің тарапынан балаларға қатысты қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін елемеу жиі қайғылы салдарға әкеп соқтырады. Көбінесе ата-аналар кішкентай балаларды терезе алдына тұрғызып, ал содан кейін өз істерімен айналысып кетеді. Бұл жағдай балалардың алдағы уақытта өз бетінше терезеге шығуына бірден бір себеп болып табылады. Өйткені бұл әдет баланың санасында сақталады. Осындай сәтте, кішкентай балалар масақана торларға сүйеніп, осы кезде құлау сәті орыналады.

Құрметті ата-аналар! Алматы облысының ТЖД балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет мінез-құлық ережелерін еске салады:

- терезелерді ашық қалдырмаңыз;

- терезені тиісті қорғаусыз москит торларын пайдаланбаңыз, өйткені бала алда қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді сүйенеді, нәтижесінде тіпті бір жасар баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін;

- бала терезе алды тақтайына көтерілмеуі үшін жиһазды терезе жанына қоймаңыз;

- баланы, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмаңыз;

- балалардың төсекке немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһаздарға секіруіне жол бермеңіз.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында осы қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден құлауының алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі, өйткені балалар - бұл біздің болашағымыз!

Көптеген дамыған шетелдерде жауапсыз ата-аналарға қатысты қатаң әкімшілік жаза қолданылады (айыппұл санкциялары, мәжбүрлеп айыппұл жұмыстары, БАҚ беттерінде суреттерді орналастырылады, теледидарда, қаланың лэд-экрандарында көрсетіледіжәне т. б.).  

Біздің ата-аналарымыз өз балаларына қатысты барлық жауапкершілікті түсініп, сезінгенін қалаймыз. Оларды қараусыз қалдырмай, жеке дара серуендеуге жібермей, қандай да бір жағдайда өзін-өзі қалай ұстау керектігін жиі айтып түсіндірсе, көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алуға септігін тигізер деген сенімдеміз.

 

Алматы облысы  ТЖД баспасөз-қызмет