
Алматы облысының Қора шатқалында жануға қарсы күреске Талдықорған орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау, Алматы облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ күштері мен құралдары жіберілді.
Талдықорған орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау, Алматы облысының ТЖД қызметкерлері сақпандар мен ранцты бүріккіштердің көмегімен отпен күресті, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер табиғи өртті сөндіруге жұмылдырылғандарды ыстық тамақпен қамтамасыз етті. "Қазавиақұтқару" тікұшағы - ұшуды және су жіберуді жүзеге асырды. Өрт сөндіру орнындағы жағдайды бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары-дрондар пайдаланылды. Өртті сөндіру биік өсімдіктері бар қол жетімді қиын жерлерде таулардың тік беткейлерінде жану ошақтарының болуымен қиындады.
Тұтануды жоюға 100-ден астам қызметкер және 20-ға жуық техника жұмылдырылды.
Табиғаттың осы ғажайып бұрышында жанған әрбір адам өз өмірін қатерге тігіп, болашақ ұрпақ үшін және Жетісу өңірінің табиғи байлығын сақтап қалу үшін бар күшін салды. Олардың әрқайсысы өзінің қызметтік және азаматтық борышын орындады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі