
Талдықорған қаласы ТЖ басқармасымен әлеуметтік осал отбасылар үшін "Көмек қолы" акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияға Талдықорған қаласы 1-МӨСБ жеке құрамы "Лидер KZ" волонтерлері қатысты. Акция барысында көпбалалы және 4 топтағы мүгедектігі бар отбасыларға азық-түлік сатып алынып, таратылды. Бұл адамдар кездейсоқ таңдалмаған, өрт сөндірушілер тұрғын үй секторын аралау кезінде азаматтар тұратын шынайы жағдайды өз көздерімен көрді, сондықтан көмек қолын созғысы келді. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ пеш жабдықтарын орнату және пайдалану бойынша өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Аталған іс-шара облыстық "Жетісу"телеарнасында көрсетіледі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі