Алматы облысы Қора шатқалындағы өрт туралы ақпарат

Алматы облысы Қора шатқалындағы өрт туралы ақпарат

2021 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 15:19-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы Ескелді ауданыдағы Талдықорған орманшылығының Қора шатқалы аумағындағы алтыншы омарта аймағында қол жетімсіз таулы аумақта құрғақ шөптер, бұталар, аралас ормандар жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Дереу өрт шыққан жерге Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
27 қыркүйек күні әуеден баплау жүргізілді. Нәтижесінде өрттің ауданы шамамен 20 га екендігі анықталды.
28 қыркүйек күні сағат 09-30-дағы жағдай бойынша шатқалда түтіндеу әлі де бар.
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен су шашуда. ТЖД күшімен жақын маңдағы аудандық бөлімшелердің қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды. Штаб ұйымдастырылды, үздіксіз байланысты ұйымдастыру үшін командалық – штабтық көлік, ұшқышсыз ұшу аппарат-дроны бар жедел топ аэровизуалды бақылау үшін жіберілді.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 51 қызметкері және 10 бірлік техникасы мен 4 мотопомпа, Талдықорған орман шаруашылығынан 35 қызметкері және 3 бірлік техника мен 4 мотопомпасы, 5 «Қазавиаорманқорғау» қызметкері, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағының 1 борты және 4 экипаж адамы жұмылдырылды.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен-Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі