
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №118 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған азаматтық қорғау органдарындағы идеологиялық жұмыс жоспарының 28 тармағын орындау үшін, сондай-ақ жеке құрамды патриоттық тәрбиелеу мақсатында, 2021 жылғы 23-24 қыркүйекте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Құтқарушы күніне орай өлең оқу конкурсы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған конкурсқа қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталып, олар Құтқарушы күніне арналған салтанатты шарада марапатталатын болады.
Алматы облысы ТЖД
Кадр саясаты басқармасы