
2021 жылдың 26 қыркүйек күні сағат 18:20-да Алматы облысының төтенше жағдайлар Департаментіне Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Іле-Алатау» МҒӨК аумағындағы, Ақсай шатқалынан 8 шақырым жердегі «Радуга» саяжай қоғамына жетуі қиын таулы аумақта, биіктігі 2000 метр жерде жапырақты орман төсеніші және құрғақ шөптің жануы туралы хабар келіп түсті. Жартылай ағаштар жануы алдын ала 3 Га алаңда байқалуда.
Өрт шыққан жерге дереу Алматы облысы ТЖД мен Ақсай орман шаруашылығының күштері мен құралдары жіберілді.
28 қыркүйек күні сағат 09-30-дағы жағдай бойынша шатқалда түтіндеу бар.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағым су шашуда. ТЖД күшімен жақын маңдағы аудандық бөлімшелердің қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды. Штаб Алматы облысы ТЖД бастығы Аасқат Тойчубековтың басшылығымен ұйымдастырылды. Аэровизуалды бақылау үшін ұшқышсыз ұшатын аппараты бар жедел топ-дрон жіберілді.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 техникасы мен 25 қызметкері, Ақсай орман шаруашылығының 70 қызметкері мен 15 техникасы, ҚР ТЖМ 28237 ә/б 50 әскери қызметкері мен 2 техникасы, Қазавиаорманқорғау 10 қызметкері, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағының 1 борты және 4 экипаж адамы жұмылдырылды.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 км қашықтықта және «Радуга» бау-бақша қоғамы 8 км қашықтықта орналасқан.
Алматы обласы ТЖД Баспасөз қызметі