Алматы облысында "Ағын" арнайы оқу-жаттығуы өткізілді.

Алматы облысында "Ағын" арнайы оқу-жаттығуы өткізілді.

2021 жылғы 20-21 қыркүйек аралығында Алматы облысы Панфилов ауданында «Көктал» Қорғаныс министрлігінің оқу полигонында мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының аумағында босқындарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыруға дайындығын арттыру, сондай-ақ осы міндеттерді шешу кезінде олардың үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында «Поток» арнайы оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Бекет-2021» «Ведомствоаралық топтарының құрамында дағдарыстық жағдайларға ден қою жөніндегі кешенді оқу-жаттығуды дайындау және өткізу» оқу-жаттығуының Ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы бекіткен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығымен келісілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы босқындардың жаппай өтуі кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбындағы арнайы оқу-жаттығудың Ой-мақсатына сәйкес өткізілді

«Поток» оқу-жаттығуына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор У. Т. Әбікеев жүзеге асырды. Оқу-жаттығуға министрліктер мен ведомстволардың жедел топтары және олар құратын босқындарды қабылдау және орналастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға жұмылдырылған азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық және аудандық комиссиялар, облыстық және аудандық эвакуациялық комиссиялар, Алматы облысының Азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдары, Алматы облысының ТЖД және 28237 әскери бөлімі қатысты.

Қазақстан Республикасының ТЖМ басшылығымен оқу-жаттығу өткізу ауданына (74261 ә/б «Көктал» оқу полигоны) жедел топ жіберді.

- Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен - жеке құрамнан 9 адам, 2 бірлік техника;

- 28237 әскери бөлімінен - жеке құрамнан 69 адам, 12 бірлік техника.

ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күшімен шатырлы лагерь аумағы абаттандырылды, 200 босқын адамға 17 шатыр орнатылды, сондай-ақ лагерьдің барлық қажетті элементтері орнатылды.

2021 жылғы 20 қыркүйекте 28237 әскери бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылында шартты босқындарды қабылдау іс жүзінде пысықталды.

Жалпы, облыстың азаматтық қорғау басқармасы «Поток» арнайы оқу-жаттығуының міндеттерін орындады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқу-жаттығу барысында АҚ облыстық қызметтері, аудандардың басқару органдары «Поток» арнайы оқу-жаттығуының ұйымдастырушылық нұсқаулары мен ой-мақсатына сәйкес облыстың аумағында шектес мемлекеттерден босқындарды қабылдау және орналастыру, олардың бірінші кезектегі және жан-жақты тыныс-тіршілігін ұйымдастыру мәселелері практикалық және теориялық түрде пысықталды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі