«World Cleanur day 2021» / « taza Qazaqstan» дүниежүзілік акциясы аясында сенбілік өткізілді

«World Cleanur day 2021» / « taza Qazaqstan» дүниежүзілік акциясы аясында сенбілік өткізілді

          Облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша күзгі айлықтың басталуымен және "World Cleanur day 2021" / "taza Qazaqstan" Дүниежүзілік акциясы аясында 2021 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы облысы ТЖД қызметкерлері бекітілген аумақта сенбілік өткізді.

          Таңертеңнен бастап Алматы облысы ТЖД аппаратының, "ӨС және АҚЖҚ" ММ және Талдықорған қаласы ТЖБ қызметкерлері тырмамен, ұсақ қоқыстарды жинауға арналған арнайы шыңдармен, сыпыртқылармен және қаптармен қаруланып, Талдықорған қаласы Алдабергенов көшесінің бойындағы Рақышев көшесі мен Қонаев көшесінің арасындағы аумақты жинауға кірісті.

          Облыс құтқарушылары нақты тәртіпке дағдыланған, сондықтан сенбілікке қатысушыларымыз топтарға бөлініп, жол жиегіне тән темекі қорабын, кәмпиттердің орамдарын, целлофан, бөтелке, шүберек пен басқа да қоқыстарды қалдырмай бір-біріне қарай қарсы жүріп өтті.

 

                                                                                Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі