
2021 жылғы 19 қыркүйекте сағат 14-50-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасына балық аулауға резеңке қайықпен аттанған 2001 және 2002 жылы туған екі жас ағысты Қапшағай ГЭС құрылысы жағына алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Моторлық қайықпен шақырту орнына ТЖ Департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді.
Оқиға орнына келген бойда Қайықтың Қапшағай ГЭС бөгетіне қатты ағыспен келіп, балалар өз бетінше шыға алмағаны анықталды. Олар бөгеттің құрылысына көтеріліп, көмек күтті.
Жас адамдарды құтқарушылар құтқарып, жағаға жеткізді, онда олармен судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі