
2021 жыл – мерейтойлық жыл. Қазақстан Республикамыздың 30 жылдық Тауелсіздігін тойлаймыз. Сонымен қатар, біздің кәсіби мерекеміз –Құтқарушы күні келе жатыр! Мереке алдында мақала топтамасын мен әріптестерім туралы, қарапайым және қадір-қасиетті адамдар туралы бастағымыз келеді. Олардың әрқайсысы нағыз ерлік және асыл іс жасады. Олардан әр бір өрт сөндіру және адамдарды құтқару фактісі туралы сұрағанда, осындай сәттерде оларды не жетелейтінін білгімыз келеді. Даңқылы немесе ерекшелі болғысы келді ме, немесе «жоғары» көрінуі ма? Бірақ, олар Жарғыға, ар-ождан мен адамгершілік қасиеттерге сәйкес өмір сүретінін және жұмыс істейтінін түсінесін. Олар бейбіт заманның жауынгерлері.
Талғар ауданының ТЖБ қызметкері, азаматтық қорғау лейтенанты Рахимов Ришат Магомедсултанович азаматтық қорғау органдарының үздік қызметкерлерінің бірі, Алматы облысы ТЖД басшылығымен бірнеше рет марапатталған болатын.
Өткен мерзімі бойынша бірнеше ірі көлемді өрттердің салдарын жоюға қатысқан: 2019 жылғы 12 қаңтарында («Aster Auto» ЖШС) «Nissan Centre» автосалоны, сонымен қатар 2019 жылғы 27 желтоксанда «Fukker 100» Әуе апаты салдарын жоюға катыскан.
Ришаттың батырлығының бірнеше жарық мысалдары, дұрыс шешім қабылдай алуы, басқа адамдардың өмірі үшін жауапкершілікті тартудағы тез әрекеті мен батылдығы төменде көрсетілген.
Жүкті жетім баланы өзіне-өзі қол жұмсаудан құтқару. 2019 жылғы 19 ақпаннында Талғар ауданы Арқабай ауылында жардан қыз бала секіргісі келетіні туралы хабарлама келіп түсті . Шақыру орнына 2-МӨСБ кезекші ауысымының келген бойда, «Байсерке Агро» ЖШС ескі жұмыс істемейтін шамамен қырық бес метр биіктікте қазандықтың құбырына 08.10.1999 жылы туған Доскальчук Л.С. шығып алғаны анықталды, ол жетімдер үйінде өскен және жүкті болғаны анықталды, биіктіктен құлап өмірін қиюға әрекет етті.
Дереу әрекет ету керек болды, алдында - тым жас қыз бен оның туылмаған баласының өмірі тұрды. Талғар қ. 2-МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Рахимов Ришат қызбен кез келген келіссөздер бастады, қыз үшін психологиялық қолдау және өмірлік бағыты басымдықтар оның өмірінің тағдырын шешуші сәт болды. Екі өмір құтқарылды. Оның келісімімен, Ришат құтқару арқанының көмегімен қызды жерге түсірді.
Зейнеткерді микроинсульттан құтқару. 2019 жылғы 9 маусымында Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы кезінде орта мектептегі сайлау учаскесіне өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке Талғар қ. 2-МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Рахимов Ришат түсті. Сайлау кезінде дауыс беруге келген 1942 жылы туған Имашев К.К. зейнеткер аяқ асты микроинсульт алды. Ұзақ ойланбастан, біздің өрт сөндіруші атаға дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп және оны тілдің жұтылуынан құтқарды. Жылдам шешім қабылдау және алғашқы медициналық көмек көрсете білудің арқасында адам өмірін құтқарып қалды.
Әр өрт, әр ТЖ жағдайы әрқашанда белгісіз, қауіпті. Қызметкерлерде әскери рухты, жанқиярлық пен патриотизмді тәрбиелеу бөлімшелер басшыларының басты міндеті болып табылады. Құтқарушы және Өрт сөндіруші тек өзінің кәсіби және ішкі қасиеттерін жетілдіретін адам ғана бола алады, ар–намыс пен ар-ождан деген сөз - бос сөз емес, өмірлік моральға сәйкес өмір сүретін адам ғана бола алады. Алматы облысының ТЖД Талғар ауданының ТЖБ және 2-МӨСБ топтасқан және ержүрек ұжымын қалыптастыру және тәрбиелеуіне үлесін қосқан үшін Талғар ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Р.Г. Әбдіқапаровқа және 2-МӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры Д.Т. Бердібаевке жеке алғыс.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі