Кербұлақ ауданынның аумағында «Сіріңке-бір өмірдің бағасы!» акциясы өтті

Кербұлақ ауданынның аумағында  «Сіріңке-бір өмірдің бағасы!» акциясы өтті

Кербұлақ ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі бойынша «Сіріңке-бір өмірдің бағасы!» атты акциясы өткізілді.  

Акциясы барысында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мысалы, 10 қыркүйек күні Сарыөзек ауылында жылыту маусымы басталуына байланысты тұрғын үй секторын аралау бойынша рейдтік іс-шара өткізілді. Қызметкерлер 142 адамды қамти отырып, 120 тұрғын үй араланды оның ішінде 21 жағдайы төмен аз қамтылған отбасылар. Азаматтарға бұзушылықтарға жол бермеу бойынша талаптар түсіндірілді, тұрмыстағы, сондай-ақ жылыту пештерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар табыс етілді.

Кербұлақ ауданының ТЖБ өрттің пайда болуын болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:

Оттықтың алдындағы еденде жанбайтын материалдан жасалған көлемі кемінде 50х70 сантиметр зақымдалмаған от алдыру алдындағы Парақ жатуға тиіс. Пештің жағу есігі жағынан кіретін жолдары бос болуы тиіс. Жиһаз пештен 70 сантиметр, ал оттық саңылауларынан кемінде 125 сантиметр қашықтықта болуы тиіс. Бұдан басқа, пештер мен түтін құбырларының беттері шаң мен басқа да жанғыш шөгінділерден жүйелі түрде тазартылуы тиіс. Қож мен күлдерді арнайы бөлінген қауіпсіз жерге апарып, сумен өшіру қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Өрт немесе ТЖ кезінде 101/112 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі