
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2021 жылғы 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: облыстың орталығы мен шығысында, таулы және тау етегіндегі аудандарда өткінші жаңбыр. Таулы және тау етегіндегі аудандарда найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 12-17, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 9, күндіз 19-24, таулы аудандарда 16 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.
10-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Таулы және тау етегіндегі аудандарда жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 5, күндіз 23-28, таулы аудандарда 20 градус жылы.
«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі