
Су-жақсы дос, бірақ сонымен бірге ең қатал жау, өйткені ол ашуланшақтыққа шыдамайды және жоғары қауіптің көзі болуы мүмкін. Жеңіл мінез-құлықтың салдары ең ауыр болады.
2021 жылдың басынан бері Департаменттің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары облыстың су айдындарында 65 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды. Бірақ құтқарумен қатар, суға түсу үшін белгіленбеген (тыйым салынған) жерлерде шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын елемеу себебінен 59 адам, оның ішінде 17 бала суға кетті. Шомылу маусымы кезеңінде 45 адам, оның ішінде 12 бала қаза болды.
Қайғылы жағдайға көбінесе мас болу, алыс қашықтыққа жүзу, дауылды ауа-райында шомылу, дененің гипотермиясы, бұлшықет спазмы, жүзу құралдарынан құлау, бала көз алдынаң таса болуы, биіктіктен секіру сияқты себептер әкелетінін атап өткім келеді. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жабдықталған жағажайда қамтамасыз ету оңай.
Шомылу маусымының қорытындысы бойынша аудандық және қалалық ТЖ бөлімдерінің, «ӨС және АҚЖҚ» ММ ЖҚЖ құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесіп 6448 рейд және патрульдеу жүргізді, тұрғындар арасында 88 мың 815 дана үгіт өнімінің (буклеттер, парақшалар) данасын таратты. Облыстың су қоймалары бойынша ЖПҚ-мен бірлескен рейдтер нәтижесінде ӘҚБК-нің 440 «Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» және 364 «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» баптары бойынша 239 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 350 мың 040 теңге айыппұл салынды.
Су айдындарында адам өлімінің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, үгіт-түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жария етілді.
«Жетісу», «Тұран ТВ», «СТВ», «Almaty» телеарналарында су айдындарында демалушылар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы бейне репортаждар жарияланды. «Жетісу» телеарнасындағы «Спасая жизни» телебағдарламасында «Шомылу маусымына қалай дайындалу керек» және «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптары бойынша 15 минуттық екі сюжет көрсетілді.
Ағымдағы жылдың басынан теледидарда 32 сөз сөйлеу, радиохабар бойынша 127 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, баспа басылымдарында 77 мақала жарияланды, мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар лагерлерінде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бойынша 872 жиын мен әңгіме және 330 интерактивті сабақ өткізілді, 696 тыйым салу белгілері мен 88 ақпараттық стендтер орнатылды, облыстың 14 LED экрандарында және 2 кинотеатрларда, әуежайларда су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бойынша бейнематериалдар көрсетілді. Жағажайларда кезекшілікті қамтамасыз ету мақсатында департаменттің құтқару бөлімшелерімен 57 жеке құтқарушы - жасақшылар оқытылды.
Алматы облысының ТЖД сізден шомылу кезінде негізгі ережелерді сақтауды сұрайды.
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
- шомылуға тыйым салынған орындарда шомылуға;
- өтіп бара жатқан кемелерге мен қайықтарға қарай жүзуге;
- шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдыруға;
- қоршау белгілерінен алыс жүзуге;
- көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден суға секіруге;
- бейтаныс жерде сүңгу.
Шомылудын қажеті жоқ, егер:
- тым шаршап тұрсаныз;
- күннен қызып кетсеңіздер;
- аштық, шөлдеу;
- жақында ауырған аурулардан кейінгі жағдайда болсаныз.
Пресс-служба ДЧС Алматинской области