
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2021 жылғы 04 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 13-18, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 10, күндіз 27-32, таулы және тау етегіндегі аудандарда 24 градус жылы
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде 8-10, күндіз 30-32 градус жылы.
9-10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
09-10 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік –шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-20, таулы аудандарда 12 ден 18-23, таулы аудандарда 14 градус жылы, күндіз 30-35, таулы аудандарда 25 тен 33-38, таулы аудандарда 28 градус жылыға дейін ауытқиды, 10 қыркүйекте түнде 10-15, таулы аудандарда 7, күндіз 25-30, таулы аудандарда 21 градус жылы.
«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
|
|
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі