Ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы

Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:

2021 жылғы  01 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Облыс бойынша: облыстың солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі  аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Шығыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 12, күндіз 25-30, таулы және тау етегіндегі аудандарда 22 градус жылы.

Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.

2-3 қыркүйекке  арналған ауа райы болжамы

Таулы және тау етегіндегі аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік–шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 12-17, таулы аудандарда 9, 03 қыркүйекте 10-15, таулы аудандарда  5, күндіз 25-30, таулы аудандарда 20 градус жылы.

 «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.


Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі