Қатты жел кезіндегі жүріс-тұрыс қағидасы

Қатты жел кезіндегі жүріс-тұрыс қағидасы

Дауылды жел - ең көп таралған табиғи апаттардың бірі.

Ескеру керек, жел (14-17 м/сек) кезінде көше бойында орнатылған жарнамалық қалқан қондырғылары, жарықдиодты панно және дербес тіректердегі транспаранттар аударылуы мүмкін. Дауылды жел кезінде (24 м/сек дейін) ағаштар құлап, электр беру желілері үзілуі мүмкін. Сымдардың ұшқыны өрттің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Қатты дауылды жел кезінде (28,4 м/сек дейін) құрылыстардың кейбір қирауы орын алады, соның ішінде үйлердің шатырлары, терезелерде әйнектер сынуы мүмкін. Сынған ағаштардың, құрылыс конструкцияларының үйінділері өтпе жолдар мен автомагистральдарды айтарлықтай жабуы мүмкін. Дауыл кезінде (32м/сек және одан да көп) күрделі құрылыстардың, электр көлігінің байланыс желілерінің, коммуналдық-энергетикалық желілердің электр беру желілерінің елеулі бұзылуы байқалады.

Қатты жел кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын білу және орындау қажет:

Үйде немесе пәтерде болған:

- барлық терезелерді жабыңыз, олардың жабылу сенімділігін тексеріңіз;

- қатты жел кезінде терезеден алыстатылған орындар қауіпсіз болып саналады;

Егер қатты жел жолда басталып кетсе:

- тез арада кіре берісте немесе берік ғимаратта орналасыңыз;

- үй қабырғаларының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнама қалқандарының жанында, ағаштардың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың жанында жасырынуға болмайды;

- үзілген сымдарға, тегістелген маңдайшаларға жақындамаңыз.;

- шіріген және ескі, әсіресе жалғыз тұрған ағаштардан алыс ұстаңыз.

-Жеке автокөлікпен және көшеде ұзақ уақыт жүруден бас тартыңыз.

 - дауылды ескерту туралы хабарламаларға немқұрайлықпен қарамаңыз.

Қауіпті жағдайда және құтқару іс-шараларын жүргізу қажеттілігі туралы ақпаратты хабарлау үшін 101, 112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Абай болыңыздар, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі