2021 жылғы 25 тамыз күні "Jetisymedia" ақпараттық алаңында "Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу " тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Азаматов Дәурен Саматұлы сөз сөйледі.
Спикер Дәурен Саматұлы атап өткендей, Алматы облысы республика бойынша халықы тығыз орналасқан болып табылады, аумағы – 223561,4км2, 741 елді мекен орналасқан, халық саны - 2 055 709 адам. Облыста 394 514 жеке тұрғын үй есепте тұр (243 786 қатты отынмен, 146 340 орталық газ жүйесінде, 4 187 – орталық жылу беруде, 201-электрмен), оныңішінде 13 953 үй халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.
Өткен жылыту кезеңінің қорытындыларын ескере отырып, 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңі қарсаңында тұрғын үй секторындағы алдын алу жұмыстарының тәсілдері қайта қаралды. Облыс аумағында тұрғын үй секторында өрттің алдын алуды жүргізу жоспарына сәйкес қазіргі уақытта мүдделі органдармен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарының үйлеріне комиссиялық бару жүргізілуде, оның барысында халықты жылыту жүйелерін өрт қауіпсіздігі жағдайына келтіру және қажетті әлеуметтік көмекті анықтау бойынша алдын ала іс-шараларды өткізуге дайындауға басты назар аударылды. Күнделікті аулаларды аралаумен қатар, сенбі күндері халықпен кең ауқымды үгіт-насихат іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Бүгінгі күні ЖАО-мен бірлесіпхалықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1464 бірлік өрт автономды хабарлағыштарын және 831 бірлік табиғи газдың шығуын анықтайтын датчиктерді орнату бойынша қажеттілік нормалары анықталды, осы мақсаттар үшін әкімдіктен 5 млн. 298 мың теңге бөлінді.
Айта кесек, адамдардың улы газдан улануынан қаза болуымен бірге тұрмыстағы өрт пен газдан адамдардың қаза болуы байқалады. Осыған байланысты, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың жеке тұрғын үйлеріне түтін анықтағыштары мен табиғи газ хабарлағыштарын орнату жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру шараларының қажеттілігі өзекті мәселе болып табылуда.
Тұрмыстағы адамдардың қаза болуын және жарақаттануын төмендету мақсатында, әлеуметтік тапсырыс түрінде халықты қолдау мәселесін, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының, жетім балалардың, көп балалы отбасылардың балаларының тұрғын үйлерін сақтау және тиісті деңгейде пайдалану бөлігінде, оның ішінде жеке тұрғын үйлерде жылыту және электрмен жабдықтау жүйелеріне жөндеу жүргізуді қаржыландыруды қарастыру қажет.
Дәурен Саматұлы азаматтарды тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауға шақырды. Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі