Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Алматы облысы Черкесай шатқалындағы туристке көмек көрсетті

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Алматы облысы Черкесай шатқалындағы туристке көмек көрсетті

           2021 жылғы 24 тамызда сағат 16:30-да Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне, Алматы облысы Текелі қаласының Черкесай шатқалының жанындағы таулы жерде 1985 жылы туған ер адам аяғын қайырып алып, көмекке мұқтаж болып отырғандығы  туралы хабарлама келіп түсті.

          Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу шықты.

          Оқиға орнына келгеннен кейін, Талдықорған қаласының тұрғыны өзінің бес досымен "Черкесай" демалыс базасына турист ретінде келгені анықталды. Жоғарыға көлікпен шығу қажет болатын, бірақ көлік бұзылып қалып, туристер ауыр рюкзактарымен жоғары қарай көтерілді.

          Олар тау шыңына қауіпсіз көтерілді, бірақ түсіп бара жатқанда, туристтің бірі аяғын жарақаттады. Ұялы байланыстың көмегімен туристтер құтқару қызметіне қоңырау шалып, көмек сұрады. Үш ер адам өздігінен таудан түсе бастады, біреуі зардап шеккендермен бірге құтқарушыларды күтті.

          Жоғары өтімді техникамен келген Департамент қызметкерлері зардап шеккен ер адамды Текелі қаласының ауруханасына жеткізді, онда оған медициналық көмек көрсетілді.

          Ер адам құтқарушыларға үлкен алғысын білдірді.

          Алматы облысының ТЖД туристік маршруттарды жоспарлау кезінде сапарлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын туристік фирманы таңдауға жауапкершілікпен қарауға кеңес береді.]

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі