
25 тамызда сағат 03.25-те Алматы облысы ТЖД-не Талдықорған қаласы Медеу көшесінде автокөлік шиналарын қайта өңдеу цехы аумағында сыйымдылығы 5 текше метр (ашық шатыр астында орналасқан), шиналардың вакуумдық пиролизіне арналған резервуардың алдын ала болжаммен тарсылы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, одан әрі алаңы 80 шаршы метр, ашық шатыр астында орналасқан бұрынғы пайдаланған шиналардың жануы орын алды.
Нәтижесінде цехтың 3 қызметкері зардап шекті, 1962, 1969 және 1977 ж.т. Екі ер адамның жағдайы орташа, 1977 ж.т. ер адамның жағдайы ауыр. Олардың барлығы Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Өрт сағат 04.27-де оқшауланып, сағат 04.49-да толығымен сөндірілді.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 24 қызметкер мен 9 бірлік техника; қалалық Полиция басқармасынан 10 қызметкер мен 4 бірлік техника; жедел медициналық жәрдем бригадасынан 6 қызметкер мен 2 бірлік техника; су арнасынан 4 қызметкер мен 2 бірлік техника; электр желісінен 4 қызметкер мен 2 бірлік техника шықты.
Тарсылдың болжамды себебі балқыту кезінде пайда болған тез тұтанғыш заттар сыйымдылығының жұмыс аймағындағы бу жинақталып, технологиялық процесінің бұзылуы болуы мүмкін.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі